Условия использования временных файлов
«Рийк Цваан» компаниясының cookie файлдар туралы ережесі
Cookies файлдар деген не?
Сookie файлдары — бұл біздің веб-сайтты пайдаланған кезде компьютерде, планшетте немесе басқа мобильді құрылғыда сақталатын және жіберілетін шағын мәтіндік файлдар. «Рийк Цваан» компаниясы өзінің меншікті cookie файлдарын жіберсе да, үшінші тараптар біздің веб-сайт арқылы cookie файлдарын орната алады.
«Рийк Цваан» компаниясы қандай cookie файлдарының түрін пайдаланады?
Біздің веб-сайтқа кіруді мүмкіндігінше қарапайым және дербестендіру үшін біз әртүрлі cookie файлдарының түрлерін және ұқсас технологияларды қолданамыз. Бұл қажетті ақпаратқа оңай қол жеткізуге және біздің контентпен әлеуметтік желілерде бөлісуге мүмкіндік береді. Біз қолданатын cookie файлдарының түрлері туралы қосымша ақпарат төменде берілген.
Негізгі немесе функционалды cookie файлдары
Негізгі cookie файлдары біздің веб-сайтты қарауға және оның веб-сайттың қорғалған бөлімдеріне кіру және онлайн сатып алу кезінде заттарды себетте сақтау сияқты мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану үшін қажет. Кез келген енгізілген ақпарат (мысалы, пайдаланушының аты, тілді таңдау немесе ағымдағы орналасқан орны) жасырын сақталады және веб-сайтқа қайта кірген кезде қол жетімді болады. Бұл cookie файлдары құпиялылыққа минималды әсерін тигізеді.
Аналитикалық cookie файлдары
Аналитикалық cookie файлдары веб-сайттың жұмысын жақсы түсіну үшін пайдаланушылар туралы статистикалық ақпаратты жинайды және оны үнемі жақсартып отыруға мүмкіндік береді. Мысалы, біз веб-сайттың трафигін және кірушілердің оның функцияларын қалай пайдаланатынын талдаймыз. Алынған статистикалық деректер және басқа да есептер жеке тұлғаларды анықтамайды, сондықтан аналитикалық cookie файлдары құпиялылыққа минималды әсерін тигізеді.
Қадағалайтын немесе маркетингтік cookie файлдары
Кейбір жағдайларда, веб-парақшаны қарау және профильдер жасау кезінде жекелеген пайдаланушылардың әрекеттерін бақылауға мүмкіндік беретін қадағалайтын немесе маркетингтік cookie файлдарын қолданамыз. Бұл cookie файлдарын жарнамалық желілер және басқа үшінші тұлғалар орната алады, бұл бізге келесі мүмкіндіктерді береді:
біздің веб-сайттағы кіруге және әрекеттеріңізге негізделген дербестендірілген контентті көрсету;
сіздің «Рийк Цваан» компаниясымен өзара әрекетіңізді құжаттау;
кампанияның тиімділігін өлшеу, және;
өз профиліне сілтемелер жасау және теңшелімдер.
«Рийк Цваан» компаниясы қолданатын барлық cookie файлдарының тізімін осы жерден табуға болады.
Біздің Құпиялылық туралы саясатымыз және cookie файлдары туралы ереже, біздің веб-сайтпен гиперсілтемелер және/немесе cookie файлдары немесе пиксельдер арқылы байланысты үшінші тұлғаларың веб-сайттарына қолданылмайды. Біз осы үшінші тұлғалардың cookie файлдарын пайдалануын бақылай алмайтындықтан, құпиялылық саясатымен және осы үшінші тұлғалардың веб-сайттарындағы cookie файлдары туралы ережемен танысып шығуды ұсынамыз.
Сіз неге келісім бере аласыз?
Біздің веб-сайтқа бірінші рет кірген кезде, сіз cookie файлдарын пайдалану туралы хабарлама баннеріндегі «Қабылдау» батырмасын басу арқылы cookie файлдарын орнатуға рұқсат бере аласыз. Негізгі және функционалды cookie файлдары біздің веб-сайтқа кірген сайын автоматты түрде орнатылады. Басқа cookie файлдары, соның ішінде аналитикалық, қадағалайтын немесе маркетингтік cookie файлдары тек сіздің рұқсатыңызбен орнатылады.
Cookie файлдарын сақтау және жою кезеңі
Көптеген cookie файлдары белгілі бір уақыт аралығында сақталады, яғни олардың жарамдылық мерзімі белгілі бір күннен кейін автоматты түрде аяқталады. Сондай-ақ, cookie файлдарын браузер теңшелімдері арқылы орнату немесе тазалау арқылы сақтау мерзімі аяқталғанға дейін жоюға болады. Толығырақ ақпарат алу үшін өз браузеріңіздің нұсқауларын қараңыз.
Қорытынды ескертпе
«Рийк Цваан» компаниясы осы Сookie файлдары туралы ережеге мезгіл-мезгіл түзетулер енгізе алады. Егер сіз «Рийк Цваан» компаниясының дербес деректеріңізді қалай басқаратыны немесе сіз пайдалана алатын құпиялылық құқықтары туралы қосымша ақпарат алғыңыз келсе, біздің Құпиялылық туралы ережемізді қараңыз. Егер сізде осы Сookie файлдары ережеге қатысты сұрақтарыңыз болса, бізге privacy@rijkzwaan.com мекенжайы бойынша жазуыңызға болады.
Байланыс ақпараты:
Rijk Zwaan Zaadteelt en Zaadhandel B.V.
Burgemeester Crezéelaan 40
2678 KX De Lier, Нидерланды
Бұл cookie файлдары туралы ереже соңғы рет 2023 жылғы 24 тамызда жаңартылды.