Маркетинг және сату
«Рийк Цваан» (Rijk Zwaan) компаниясының маркетинг және сату туралы ережесі
«Рийк Цваан» компаниясы бүкіл әлем бойынша кәсіби бағбандар үшін көкөніс дақылдарының тұқымын іріктеумен, өндірумен және сатумен айналысады. «Рийк Цваан» компаниясы өз клиенттерінің және басқа да мүдделі тараптардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға үнемі ұмтылады.
«Риийк Цваан» көкөніс дақылдарының стандартты тұқымдарын сату және маркетингке қатысты заңнаманың талаптарын сақтайды.
2025/2026 қаржылық жылдан бастап, «Рийк Цваан» компаниясы Тұрақты даму саласындағы корпоративтік есеп беру туралы директиваға сәйкес, өзінің тұрақты даму саясаты туралы есепті жылдық есепке енгізетін болады, оны «Рийк Цваан» компаниясы жыл сайын жариялап отырады.
«Рийк Цваан» компаниясы өз тұқымдарының сапасына жауап береді және оны дала жағдайында және әртүрлі зертханаларда кешенді тестілеу бағдарламасы аясында үнемі тексеріп отырады. Сапаны бақылау бағдарламасы Нидерландының ресми Naktuinbouw бақша егу инспекциясымен тексерілді.
Жоғары сапалы тұқымдарды жеткізу және ең үздік сервисті ұсыну үшін «Рийк Цваан» компаниясы іріктеуден бастап сатуға дейінгі барлық қызмет түрлері мен процестерінің сапасын бақылауға және жақсартуға мүмкіндік беретін, сапаны басқару жүйесіне сәйкес жұмыс істейді. Бұл жүйе үнемі ішкі аудиттен өтеді.
Сонымен қатар, «Рийк Цваан» компаниясы келесі стандарттарға сәйкес жұмыс істейді:
NAL (Naktuinbouw авторизацияланған зертханалары): «Рийк Цваан» компаниясына тұқымның өнгіштігіне сынау, тұқымның физикалық тазалығын тексеру және арнайы ауруларға (тұқым арқылы берілетін) сынақтар жүргізу сияқты арнайы сынақтарды жүргізуге Naktuinbouw компаниясымен өкілеттілік берілген.
GSPP (Бақша өсіру мен көшет өндірісінің тиісті тәжірибесінің ережелері): стандарт тұқымның, қызанақ өсімдіктерінің және қызанақ тамырларының Clavibacter michiganensis subsp. жұқтыруын болдырмау үшін әзірленген. Michiganensis (Cmm). Тұқымдардың қаптамасында олардың GSPP жағдайында өндірілгені көрсетіледі.
«Рийк Цваан» компаниясы әрбір тиісті елдің органикалық өнімдерінің сапа белгісімен органикалық тұқымдарды өндіру және сату үшін әртүрлі инспекциялық органдармен сертификатталған.
Жоғарыда аталған барлық сапа жүйелері үнемі тексеріліп отырады. Сонымен қатар, түпнұсқалық қаптамасында сұрыптың атаулары мен топтама нөмірлерінің болуы тұқымның барлық топтамаларын өндіруден сатуға дейін бақылауға мүмкіндік береді, бұл үшінші тұлғалардың рұқсатсыз көшіруіне және сатылуына тиімді кедергі келтіреді. Бұл қадағалау функциясы GlobalGap сияқты сыртқы сапа мен өндірісті бақылау жүйелерінде де қолданыла алады.
Жаңа өнімді жеткізу тізбегіндегі тұқымдар мен өсімдіктердің сапасы мен саулығын басқару және қолдау - бұл, бірнеше мүдделі тараптардың бірлескен жұмысы болып табылады. Әрбір мүдделі тарап тұқымдарды сақтау, өндіру және өсіру әдістері, сондай-ақ тәуекелдерді өз қалауы бойынша және өз тәуекеліне қарай азайту шаралары туралы шешім қабылдайды.
«Рийк Цваан» сұрыпталымында ұсынылған барлық сұрыптар, 2001 жылғы 12 наурыздағы Еуропалық Парламент пен ЕО Кеңесінің «Генетикалық түрлендірілген ағзаларды қоршаған ортаға қасақана шығару туралы» 2001/18 Директивасына сәйкес генетикалық түрлендірілген ағзалардың (ГТА) пайда болуына әкелетін генетикалық түрлендіретін әдістерді қолданбай алынды. Жоғарыда айтылып өткен 2025 жылы нарыққа шыққан немесе енді шығатын «Рийк Цваан» сұрыптарына жатады.
«Рийк Цваан» компаниясы оның сұрыптарын отырғызу материалында кез-келген реттелетін ГТА-ны табу ықтималдығы аз екеніне сенімді. «Рийк Цваан» сұрыптарының отырғызу материалын жасау кезінде, заңнамалық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша қатаң шаралар қабылданады. Сонымен қатар, отырғызу материалын әзірлеу және өндіру кезінде қолданылатын әдістерге реттелетін ГТА болуын болдырмайтын рәсімдер кіреді.
«Рийк Цваан» компаниясының зерттеулерінің едәуір бөлігі тұрақтылықты зерттеуге арналған. «Рийк Цваан» қолданатын тұрақтылықты кодтау Халықаралық тұқым федерациясы әзірлеген тұрақтылықты кодтау бойынша ұсыныстарға сәйкес жасалған. Зиянкестердің немесе патогендердің ерекшелігі уақыт пен кеңістікте өзгеруі мүмкін, қоршаған орта факторларына байланысты және тұрақтылықты еңсере алатын зиянкестердің жаңа биотиптері немесе патогендердің нәсілдері пайда болуы мүмкін екенін ескеру өте маңызды. «Рийк Цваан» тұрақтылық кодтары мен «Рийк Цваан» тұрақтылық туралы мәлімдемесі www.rijkzwaan.com веб-сайтында қолжетімді.
«Рийк Цваан» компаниясы тұқымдарды өңдеуді, оны ықтимал аурулармен және/немесе зиянкестермен күресудің ең тиімді әдісі деп санаған жағдайда және/немесе дақылдарды бүрку қажеттілігін азайту үшін ғана пайдаланған жағдайда ғана қолданады; бұл ретте «Рийк Цваан» компаниясы қолданыстағы нормативтік актілерге сәйкес әрекет етеді.
«Рийк Цваан» компаниясы және оның сұрыптары туралы қосымша ақпаратты біздің каталогтардан, прайс-парақтардан, проспектілерден және www.rijkzwaan.com сайтынан табуға болады. Бұл жерден сату шарттары мен өнім туралы маңызды ақпаратты табуға болады.
Мамыр, 2025 ж.
Ағылшын тіліндегі нұсқасы басым нұсқасы болып табылады (www.rijkzwaan.com)